«Кәусар» оқушылары Германияда: ғылымға жол ашқан сапар

416
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/XQ9bx5d3ts6NbJzQ4KqWykCKFw2PPV9IAyZSn5Wf.jpg

 «Кәусар» оқушылар сарайының жас зерттеушілер тобы және STEM лаборатория педагогі Колчева Наталья Владимировна  Германияға PHYWE компаниясының шақыруымен білім беру сапарына қатысып келді. PHYWE — әлемдегі жетекші оқу-зертханалық жабдық өндірушілерінің бірі.

 Үш күн бойы оқушыларымыз нағыз STEM-зертханаларында жұмыс істеп, физика, химия және биология пәндерін тереңірек меңгеруге мүмкіндік алды. Олар тек дәріс тыңдап қана қоймай, тәжірибе жасап, нәтижелерді талдап, заманауи құрылғылармен өз бетімен жұмыс істеді. Ерекше мән практикалық дағдылар мен ғылыми ойлау тәсіліне берілді.

 Бұл сапар — «Кәусар» қабырғасында PHYWE жабдықтарымен тынымсыз еңбек еткен, ынтасы мен табандылығын көрсеткен оқушылардың еңбегінің нәтижесі. Білімге құштарлықтары мен ізденімпаздықтарының арқасында олар халықаралық бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

 Оқу бағдарламасымен қатар қатысушылар үшін мәдени бағдарлама да ұйымдастырылды: экскурсиялар, ғылыми көрмелер, университетке бару.
Бұл сапар олар үшін тек жаңа білімге жол ашып қана қойған жоқ, сонымен қатар жеке даму мен болашаққа бағытталған үлкен мотивация болды.

Бұл бастама — сапалы STEM-білім берудің жастарға қандай халықаралық мүмкіндіктерге жол ашатынын айқын көрсетеді.

 

Comments