Ұшақ апатқа ұшырап, 7 адам қаза тапты

875
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wCYQmaOK0mmOaBN2VrpBrih0G99TefePK3PuAqmO.jpg

АҚШ-тың Кентукки штатында жүк ұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі КТТС арнасына сілтеме жасап.

Штат губернаторы Энди Бешир әлеуметтік желідегі жазбасында ұшақ апаты Луисвилл қаласындағы Мұхаммед Әли атындағы халықаралық әуежайда болғанын нақтылады. Оның айтуынша, UPS жүк тасымалдау компаниясына тиесілі ұшақ ұшу-қону жолағынан көтерілгеннен кейін бірден құлаған.

«Қаза тапқандар саны кемінде жеті адамға жетті, өкінішке қарай, бұл көрсеткіш әлі де өсуі мүмкін», — деді Бешир.

Губернатордың мәліметінше, компанияның екі қызметкері із-түссіз жоғалғандар қатарында. Ал 11 жараланған адам жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізіліп, тиісті көмек көрсетілуде.

Қазіргі таңда апат салдарынан шыққан өртті сөндіру және оның таралуын тоқтату жұмыстары жүріп жатыр.

Comments
Other materials