Түркістан облысының Отырар ауданында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйде газ жарылысы болды. Төтенше жағдай 30 қазан күні Шәуілдір ауылында болған, деп хабарлайды “Адырна”.
Алдын ала мәлімет бойынша, жарылысқа адамдардың газ жүйесіне өз бетінше қосылуы себеп болған.
“Бір адам зардап шегіп, бірнеше пәтер бүлінді. Газ беру уақытша тоқтатылды, желілерге тексеру жүргізіліп жатыр”, — делінген хабарламада.
“QazaqGaz Aimaq” АҚ газға өз бетінше қосылуға қатаң тыйым салынатынын және оның адам өмірі мен қауіпсіздігіне зор қауіп төндіретінін ескертеді. Газ жабдықтарын қосу және техникалық қызмет көрсету тек лицензиясы бар мамандар тарапынан жүзеге асырылуы тиіс.
Related news
700 facilities for first medical and sanitary assistance will be built in villages and district centers