Пашинян: Армения мен Әзербайжан тәуелсіздігіне төнген ортақ қауіп бар

1636
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5AyFoNfwNidj6CyN2Szc3Pwf5NdMAEP15RLOPUam.jpg

Армения премьер-министрі Никол Пашинян жаһандық және өңірлік өзгерістер аясында Армения мен Әзербайжанның ортақ мүдделер бар екенін және Оңтүстік Кавказ елдерінің тағдырлары өзара байланысты екенін түсіне бастағанын айтты. Бұл туралы ол Париж бейбітшілік форумының 8-сессиясы аясында өткен «Көшбасшылық тоғысында» атты пікірталас барысында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бәлкім, біз Оңтүстік Кавказ елдерінің тағдырлары өзара байланысты екенін және ондаған жылдар бойғы жауласудан кейін бұл шындық біз үшін айқынырақ болып келе жатқанын түсіндік. Біз тәуелсіздік, егемендік және мемлекеттілікті нығайтудың ортақ мүдде екенін ұғына бастадық. Тарих көрсеткендей, осылай әрекет ету екі тарапқа да тиімді», — деді ол.

Армения премьері Әзербайжан мен Арменияның тәуелсіздік тарихына да тоқталды.

«Айтпақшы, ХХ ғасырдың басында біз бірімізден кейін біріміз егемендік алдық. 1918 жылы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бірнеше жылдан соң оны бірге жоғалттық. 1991 жылы да тәуелсіздікті қатар алдық. Мүмкін, уақыт өте келе тәуелсіздігімізге ортақ қауіп бар екенін түсінген шығармыз. Сондықтан біз мемлекеттеріміздің дамуы мен тәуелсіздігімізді, егемендігімізді қорғауға бағытталған күн тәртібіне назар аудардық. Менің ойымша, бұл өте маңызды фактор, бірақ Әзербайжан тарапы бұл пікірді дәл осылай бағалай ма, жоқ па, ол жағына сенімді емеспін», — деді Пашинян.

Comments