Ақылы жолдарда жылдамдықты асырғандар автоматты түрде тіркеледі

1437
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/b4r9NvBMXPwlgT9ogwv1RV9iaJ59vumRlDVDVGbD.jpg

29 қазаннан бастап ақылы автожолдарда жылдамдық режимін бұзу деректерін автоматты түрде Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінің процессингтік орталығына жіберіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Енді көлік жүргізушілерінің жылдамдықты арттыру жағдайлары автоматты бақылау аркалары арқылы тіркеліп, ақпарат тікелей жүйеге түседі.

Компания мәліметінше, бұл жаңашылдық жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін өңдеу кезінде ашықтықты, әділдікті және жауапкершілікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жылдамдық тіркелетін негізгі учаскелер:

"Көкшетау – Петропавл" автожолы:

354 км – "Драгомировка" бақылау аркасы;

443,8 км – "Астраханка" бақылау аркасы;

473,1 км – "Бескөл" бақылау аркасы.

"Алматы – Қорғас" автожолы:

38,2 км – "Балтабай" бақылау аркасы;

204,6 км – "Ұйғыр" бақылау аркасы;

205,4 км – "Панфилов" бақылау аркасы.

Жүйе көліктің нақты қозғалыс жылдамдығын тіркеп, оны белгіленген шектеумен салыстырады. Егер жылдамдық асып кетсе, ақпарат автоматты түрде ӘІБТ ПО жүйесіне жіберіліп, әкімшілік материалдар қалыптастырылады.

 

Comments