"Хуторлық Хасанның" ісі. Прокурор 15 жыл түрме жазасын сұрады

2930
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/9LG3ffW7J6sw6nXilfaXBxHNzsJywwSWmxet8LUF.jpg

28 қазан күні Талғар аудандық сотында «Хуторлықтар» тобының жетекшісі деп аталып жүрген Хасан Қасымбаевқа қатысты сот ісі бойынша жарыссөз басталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Сондай-ақ айыпталушылардан жәбірленуші тарапқа бес миллион теңге моральдық өтемақы өндіруді ұсынды.

Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау баптары бойынша айып тағылып отыр. Айыпталушылар қатарында тағы 5 адам бар.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 2021 жылы Қасымбаев аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімовты ұрлап, оны аяусыз ұрып-соққан. Сондай-ақ оған 2016 жылы Аюпжан Тәжиевке жасалған шабуыл ісі бойынша тағы бір айып тағылған.

Айта кетейік, Хасан Қасымбаев 2024 жылдың 2 қарашасында ұсталған еді.

Comments