Түркияда 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

1139
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/lrjEHiX1BYDA0MAcnMEz1fOxr6IaFcj7uOD3YUwt.jpg

Түркияның батысында соңғы 48 сағат ішінде екінші рет жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдай  27 қазан күні жергілікті уақытпен 22:48-де ( Астана уақытымен 00:48 – ред.) Балыкесир провинциясында тіркелген.

«Жер сілкінісінің магнитудасы 6,1, эпицентрі Балыкесир провинциясының Сындырғы қаласының маңында болды. Жер дүмпуінің тереңдігі — шамамен 5,9 шақырым»,—деп түсіндірді сейсмологтар.

Дүмпулер Ыстамбұлдың батыс аймақтарында да сезілген. 22:50-де (Астана уақытымен 00:50 — ред.) шамамен 30 секундтай жер сілкінген.

Түркияның ішкі істер министрлігі қаза тапқандардың жоқ екенін жазды. Алайда Балыкесирде үш үй мен бір дүкен қираған.

Бұған дейін елдің төтенше жағдайлар басқармасы Ыстамбұл маңындағы Қара теңізде 3,7 баллдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған еді. Жер асты дүмпулері 26 қазан күні Астана уақытымен 21:44-те тіркелген.

Comments
Other materials