Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Кездесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланған.
Тараптар Мәскеуде өтетін келіссөздердің екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды дамыту тұрғысынан ерекше маңызға ие екенін атап өтті.
Әңгіме барысында сонымен қатар әлемдік ахуалдың бірқатар өзекті аспектілері сөз болғаны айтылды.
Қазақстан президенті жоспар бойынша 12 қарашада Мәскеуге мемлекеттік сапармен баруы керек.
Related news
The Kazakh judoka who was named "Miss Europe" explained why she bit her opponent during the competition
The number of antelope in the country will be reduced by 80,000, and permission will be given to shoot them