«Қайрат» – «Астана» матчы. Алматыда бірнеше көше уақытша жабылады

1243
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Y5pBVVQebfah4ORRCPVRXqqFrCEmQTtXJOZSWKe3.jpg

 

Алматыда 26 қазан күні өтетін «Қайрат» – «Астана» футбол матчы кезінде қала орталығындағы көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды "Адырна".

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 12:00–18:00 аралығында Сәтпаев көшесі Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін екі бағытта да (шығыс-батыс) жабылады.

Мұндай шектеу орталық стадионда өтетін матч кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

«Полиция Алматы тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға шақырады», – деді ведомство.

Comments