Депутат – Ең төменгі жалақы 85 мың теңге ештеңеге жетпейді

4177
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wo2B3gSwlJ6x22u3ORhvbuVzFB9fzGukPt9nSe3b.jpg

 

Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі келесі жылы да өзгеріссіз қалады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өкінішке қарай, біз ол 85 000-ды қанша жерден көтеруді ұсынғанымызбен, келесі жылы минималды айлық сол деңгейде қалып отыр. “Бұны ешкім алмайды” деп Ұлттық банк төрағасы да айтты. Ол “бұл жай ғана сан” деді. Мен оған келісе алмаймын, себебі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Қабыкенқызына жолдаған сауалымда нақты сандарды сұраған кезде, біздің елімізде шамамен 1 100 000-нан астам адам сол 85 000 теңгенің айлығын алып отыр. Иә, оқу керек, тоқу керек, әрекет ету керек деп айтамыз ғой. Бірақ оларды оқыту үшін де үкімет мүдделі болу керек қой. Жаңадан курстар ашу, мүмкін, жұмысшы мамандықтарға үйрету, мүмкін, колледжге оқуға ынталандыру сияқты талпыныс жұмыстарын жүргізу қажет. Өкінішке қарай, мен ондай нәрсені көріп отырған жоқпын», – деді депутат. Сондай-ақ Дәулет Мұқаев инфляция деңгейінің жоғары болуы халықтың табысына тікелей әсер етіп отырғанын айтты.

«Иә, келісемін — 85 000 теңге ештеңеге жетпейді. Себебі инфляцияның өзі 12,9 пайыз болып отыр. Жаңағы айтқандай, 5–6%-дық жоспар тұр Ұлттық банкте, бірақ оның ауылы алыс. Мүмкін, үкімет кейде шеше алмай жүрген мәселелерді Президент міндетті түрде үндеу жолдап, сол мәселені көтеретіні анық», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, ең төменгі жалақы мөлшері халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді. «Жалпы, медианалық айлық деген бар — бұл дүниежүзілік формула. Сол есептің деңгейінде медианалық айлықтың елу пайызы ең төменгі жалақыболуы керек. Ол шамамен 150–160 мың теңге деңгейінде болу керек еді. Өкінішке қарай, біз ол мөлшерден екі есе төменбіз», – деді Мәжіліс депутаты

Comments