Алматы қаласына Кипрдің “Пафос” футбол клубы табан тіреді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Команда 6 жарым сағаттық әуе сапарынан кейін қалаға жеткен.
Бүгін, 21 қазан күні "Қайрат" пен "Пафос" арасында маңызды матч өтеді.
Бұл кездесу — УЕФА Чемпиондар лигасының үшінші турындағы шешуші матчтардың бірі болмақ. Кипрлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, “Пафос” клубының жанкүйерлері де өз командаларын қолдау мақсатында Алматыға арнайы келген. Олар стадионда ерекше атмосфера қалыптастыруды көздеп отыр.
Айта кетейік, қыркүйек айында Алматыға келген Мадридтің "Реал" футбол клубын халық ерекше күтіп алған еді.
Related news
In Semey, a new public space and an opportunity to print books in Braille in the Kazakh language appeared
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival