Алматы қаласының мәдениет басқармасына жаңа жетекші тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қала әкімі Дархан Сатыбалдының бұйрығымен бұл лауазымға Данияр Әлиев келді.
Ол Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Тарих» мамандығы бойынша, сондай-ақ «Алматы» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген, гуманитарлық ғылымдар магистрі дәрежесіне ие.
Данияр Әлиев әр жылдары Орталық мемлекеттік архив пен Алматы қаласының тарих музейінде бөлім меңгерушісі, Алматы қаласының мәдениет басқармасында басшы орынбасары, сондай-ақ Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінде орынбасар қызметтерін атқарған.
Соңғы уақытқа дейін ол Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасын басқарған