Ғұмырын қазақ музыкасын зерттеуге арнаған Юрий Аравин өмірден өтті

3055
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/pBbQ1nYC66lRYEE6gbqTIr0TvRRqlgxSHygJYP8O.jpg

Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат» және «Отан» ордендерінің иегері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, профессор Юрий Аравин өмірден өтті, жеп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Аида Балаева әлеуметтік желі парақшасында бөлісті.

Юрий Петрович қазақ халық музыкасының ең танымал насихаттаушыларының бірі болды. Ол көптеген фольклорлық экспедицияларды ұйымдастырып, көне музыкалық туындыларды жаңғыртуға үлкен еңбек сіңірді.

1970-жылдары Юрий Аравин қазақ музыкасына, халық композиторлары мен ақындарына арналған теле және радиобағдарламалар сериясын жүргізіп, ұлттық өнердің бай әлемін көпшілікке паш етті.

Юрий Аравин 1941 жылы Тверь қаласында дүниеге келген. Ол 1968 жылы Новосибирск консерваториясының тарихи-теориялық факультетін, ал 1972 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның аспирантурасын бітірген.

1973–1978 жылдары ол Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында, ал 1979–1988 жылдары Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында музыкалық-тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген.

Юрий Аравин Биыл 2 сәуірде 84 жасқа толған еді.

Марқұмның туған-туыстарына, жақындарына, достары мен әріптестеріне көңіл айтамыз.

Comments