Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаров Ресей азаматтығын алған ба?

1391
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/fjBPxFD66gRGEzGnbShjUtAodG9Hfi9Niu8a2U1c.jpg

Бұрынғы бас прокурор және Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің экс-төрағасы Қайрат Қожамжаровтың Ресей азаматтығын алғаны хабарланды. Бұл туралы журналист Самал Ибраеваның Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна».

Ыбырайованың сөзінше, Қожамжаровтың Ресей азаматтығын алуы қоғамда бірқатар сұрақ туғызған. Журналист бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктің қызметтік мансабында көптеген даулы істермен байланысты болғанын еске салды.

«Ол кезінде сот жүйесінің ең жоғары деңгейінде қызмет атқарып, көптеген адамдардың тағдырына әсер етті. Енді сол адам өз елін оңай тастап, басқа елдің азаматтығын алып отыр», – деп жазды Самал Ибраева.

Сонымен қатар, ол Қожамжаровқа қатысты тергеу қажет болуы мүмкін кейбір істердің Қазақстанда бар екенін атап өтті. Алайда, журналистің айтуынша, экс-шенеунік өзге елдің азаматтығын алған соң, оған қатысты құқықтық бағалау беру процесі қиындауы мүмкін.

Самал бұған дейін Талғат Ермегияевтің бұрынғы орынбасары Мұрат Омаровтың сұхбатын еске алып, онда Қожамжаровтың есімі аталғанын да атап өткен.

«Мұрат Омаров сұхбатында аты-жөндерді атап, нақты схемаларды түсіндірді. Алайда бұл материалға құқық қорғау органдарынан нақты реакция болған жоқ», – дейді журналист.

Айта кетейік, Қайрат Қожамжаров Қазақстанның Бас прокуроры қызметін 2017–2019 жылдары атқарған. Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін және Мемлекеттік қызмет істері агенттігін басқарған.

Қазіргі таңда Қожамжаровтың Ресей азаматтығын алу фактісі туралы ресми дерек көздерінен растау немесе түсініктеме берілген жоқ.

Comments