Сәтбаев қаласында “Таза Қазақстан” акциясы аясында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

758
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VupsXwrZwSerZBR5uQmNkzPjpLVpWaLikvf9DbBv.jpg
Бүгін Сәтбаев қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен елімізде кең көлемде жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қала тұрғындарына арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Акцияның басты мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру және қоршаған ортаны қорғау бағытында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында орталықтың белсенді волонтер жастары қала көшелерін аралап, тұрғындарға экологиялық тазалықтың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы арнайы дайындалған ақпараттық брошюраларды таратты.
Тұрғындарға таратылған брошюраларда:
• Қоршаған ортаны ластамау,
• Қалдықтарды сұрыптап тастау,
• Тұрмыстық қоқысты дұрыс жою,
• Табиғатқа жанашырлықпен қарау жөнінде маңызды кеңестер мен ұсыныстар қамтылған.
Жастардың бастамасымен өткен бұл шара экологиялық жауапкершілікті арттырып қана қоймай, қоғамда “таза қала – таза болашақ” қағидасын насихаттауға бағытталды.
Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды тұрақты түрде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Осындай игі істер арқылы біз бірге таза әрі жайлы болашақты қалыптастыра аламыз!
Comments