Үржар ауданында көлік қаққан қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz-ке сілтеп.
19 тамыз күні Бестерек ауылында
55 жастағы Toyota Camry жүргізушісі үйдің қақпасының жанында, жолдан 10 метр жерде тұрған балаларды қағып кеткен еді.
Оқиға салдарынан екі бала оқиға орнында көз жұмды, тағы бір бала ауруханаға жетпей жолда қайтыс болды. Тағы үш бала түрлі дене жарақатын алған.
Апаттан аман қалған тоғыз жастағы ағасы мен қарындасы елордадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді. Ал үшінші зардап шеккен қыз Үржар аудандық ауруханасында ем қабылдады. 23 тамызда оның жағдайы ұшуға жарамды деп танылып, санитариялық авиация арқылы Семей медицина университетінің госпиталіне жеткізілген еді.
Алайда қыз бір айдан астам уақыт жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, кейін есін жимай қайтыс болды.
Қалған екі бала аман қалды. Олар Астанада ұзақ ем алғаннан кейін туған ауылына оралып, қалпына келу үшін ем-дом қабылдап жатыр.
Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Toyota Camry жүргізушісі қамауға алынған. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол апат кезінде мас болмаған.
“Women should also receive education.” A Taliban representative criticized the government’s ban on women’s education