Франция премьер-министрі Себастьен Лекорню қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Le Figaro-ға сілтеме жасап.
Ол бұл лауазымда бар болғаны 27 күн ғана қызмет атқарған.
Бұл ел тарихындағы ең қысқа мерзімдердің бірі. Франция президенті Эммануэль Макрон оның отставкасын қабылдады.
BFM TV-дің мәліметінше, Лекорню отставка қарсаңында жаңа үкімет құрамын ұсынған. Министрлер кабинетіне негізінен бұрынғы министрлер мен Макронға жақын тұлғалар кірген. Бұл шешім қоғам мен оппозиция тарапынан сынға ұшырап, премьерге қысым күшейген. Осыдан кейін ол өз еркімен отставкаға кету туралы шешім қабылдаған.
6 қазан күні Лекорню Елисей сарайында президент Макронмен бір сағаттан астам уақыт сөйлескеннен кейін, оның отставкасы ресми түрде қабылданды.
Себастьен Лекорню бұған дейін қорғаныс министрі қызметін атқарған және 9 қыркүйекте премьер-министр болып тағайындалған еді. Оның отставкасынан кейін Париж қор биржасындағы көрсеткіштер бір сағат ішінде 1,73%-ға төмендеген.
Эммануэль Макрон президенттік қызметке кіріскен сегіз жыл ішінде Францияда жеті премьер-министр ауысты. Бұған дейін мұндай жағдай тек Франсуа Миттеранның 14 жылдық билігі кезінде тіркелген
"All the land in Uskemen belongs to Akhmetov, and the suburbs of Astana belong to Shokeev" - the deputy said to the minister
Free education will be paid by the war. It was said that in Russia, students going to the war study for free