Индонезияда мектеп-интернат қирап, 14 адам қаза тапты

708
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/cSjuu8aHrP1jbDAgcX7fi7MLGlNsgDAF7ptk6K8h.jpg

Индонезияның Сидоарджо қаласында орналасқан «Аль-Хозини» мектеп-интернатының ғимараты қирап, қаза тапқандар саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

South China Morning Post басылымының жазуынша құтқару жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр. Ауыр техника қолданылмағандықтан, іздестіру қолмен жүргізілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, ондаған адам әлі де үйінді астында қалуы мүмкін. 4 қазанға дейін 103 адам құтқарылған.

Алғашқы тергеу нәтижесі ғимараттың сапасыз салынғанын анықтады. Тіреуіш бағандар төртінші қабаттың қосылуынан кейін ауырлыққа шыдамай құлаған.

Қайғылы оқиға 30 қыркүйекте Ява аралының шығысындағы исламдық мектеп-интернатта болған. Із-түзсіз кеткендердің басым бөлігі 7–11-сыныпта оқитын, жасы 12 мен 17 жас аралығындағы ұл балалар екені белгілі болды.

Үйінді астында әлі де балалар болуы мүмкін. Қаза болғандардың туыстары да іздеу жұмыстарына қатысуға ниет білдірген.

Апаттан үш күн өткен соң тірі қалғандарға қатысты ешқандай белгі байқалмағанымен, туыстары 59 баланың тірі табылатынына әлі де үміттеніп отыр.

Comments
Other materials