Қырғызстанда 7-сынып оқушысы сыныптасын аяусыз соққыға жыққан

832
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/VdY7sTpKDOZK26N3HIJ2PCnDDg8Ih9pE4IS4YkUB.jpg

Қырғызстанның Қаракөл қаласында 7-сынып оқушысы сыныптасын аяусыз соққыға жыққан. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оқыс оқиға №2 мектепте болған.

«Қаракөл қалалық білім бөлімі жанынан құрылған комиссия аталған оқушылар арасындағы түсінбестікке байланысты тексеріс жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оқушылармен Ыстықкөл мемлекеттік университетінің психологтары жұмыс істеуде»,–делінген хабарламада.

Сонымен қатар мектеп директоры, сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырушысы және әлеуметтік педагогке қатаң сөгіс жарияланған.

 

Comments
Other materials