Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді

736
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/mPmLvqxpwUAdj5tU1XDPcLyZcvPQQlX8Q6fqjSy6.webp

30 қыркүйекте Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қазақстанның Тәжікстандағы елшісі Уәлихан Төреханов Тәжікстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің басшылығына 5 мың тонна мазут сертификатын табыс етті.

Қазақстандық дипломат өз сөзінде екі елдің стратегиялық қатынастары аясында Қазақстан басшылығы Тәжікстан Республикасына 893,7 млн теңгеге гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Гуманитарлық көмек «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің ықпалдасуымен көрсетілді және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, тату көршілік пен қазақ-тәжік ынтымақтастығына тән өзара табыстың көрінісіне үлес болып табылады.

Соңғы 5 жылда қазақ тарапы Тәжікстанға жеткізген гуманитарлық көмегінің көлемі 21 млн. АҚШ доллардан асқан.

Comments