Қазақстанға Ресей әскерін кіргізуді қалайтын Кеосаян қайтыс болды

1406
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/X6asmITPH6T23cYKtBm1uxJa3FAbXCH4EFwGeSlx.jpg

2025 жылғы 26 қыркүйекке қараған түні белгілі ресейлік режиссер, тележүргізуші Тигран Кеосаян дүниеден өтті. Хабарды оның жары, RT телеарнасы мен «Россия сегодня» халықаралық медиатобының бас редакторы Маргарита Симоньян Telegram-арнасы арқылы жеткізді, деп хабарлайды «Адырна».

«Бүгін түнде Тигран Жаратушыға аттанды», – деп жазды Симоньян.

2025 жылдың қаңтар айында Кеосаянның клиникалық өлімге ұшырап, комаға түскені туралы ақпарат тараған еді. Содан бері оның жағдайы ауыр күйінде қалып, бірнеше ай бойы өмір үшін күрескен.

Кеосаян тек шығармашылығымен ғана емес, қоғамда резонанс тудырған саяси және шулы пікірлерімен де белгілі болды.
2022 жылы ол Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемелер жасап, қоғам мен дипломатиялық құрылымдардың қатаң сынына ұшырады.
Нәтижесінде, сол жылы Кеосаян Қазақстанға кіруге тыйым салынған тұлғалар тізіміне енді . Сондай-ақ, ол Қазақстанның Донецк пен Луганскты тәуелсіз республика деп мойындамайтынына байланысты елімізді «сатқын» деп атап, «жасалған жақсылық үшін рахмет айтуды білмейді» деген жазба жариялаған. Ал 2024 жылы журналист Қазақстанға «кейбір бұзақылармен» күресу үшін Ресей әскерін жіберуге қуанышты болатынын жеткізген

Оның жұбайы Маргарита Симоньян да дәл сол кезеңде Қазақстанның сыртқы саясаты мен Қаңтар оқиғаларына қатысты айтқан пікірлері үшін сынға ұшыраған болатын.

Comments