Әлеуметтік желіде Голливуд жұлдызы Джеки Чан Алматыға ұшып келгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы AstanaLive24-ке сілтеп.
Көптеген БАҚ- та белгілі актерді Қазақстандағы Salem Entertainment медиакомпаниясының өкілдері қарсы алғаны жазылған.
Алайда сапардың ресми мақсаты әзірге жарияланбады.
Бірқатар спорт блогерлерінің дерегінше, Джеки Чан 30 қыркүйекте өтетін Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» пен мадридтік «Реал» арасындағы матчқа арнайы қонақ ретінде қатысуы мүмкін. Сондай-ақ стадионда фотосессия ұйымдастырылатыны айтылуда.
Дегенмен әзірге актердің Алматыға келуі жөнінде Чанның өзі де, қазақстандық клуб та, медиакомпания да ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Related news
An Iranian director who had been unable to leave the country for 22 years has won at the Cannes Film Festival
