Чемпиондар лигасы. Алматылық "Қайраттың" ойындары Астанада өтуі мүмкін бе?

1143
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/EHtV6C56JqULmULLbHOPw3dgcL1V4VAK1uhc4ID5.webp

"Қайрат" футбол клубы Чемпиондар лигасы ойындарына қосымша алаң ретінде "Астана Арена" стадионын тіркеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Клуб Қазақстандағы барлық мачты Алматыдағы "Орталық" стадионында өткізуді жоспарлаған. Дегенмен, қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ойындарды елордаға ауыстыру ықтималдығы бар.

Vesti.kz мәліметінше, желтоқсан мен қаңтар айларында Алматыда температура тым төмендеп кетуі мүмкін. Сондықтан "Қайраттың" "Олимпиакос" және "Брюгге" клубтарына қарсы матчтары "Астана Аренада" өтуі ықтимал.

Еске сала кетейік, УЕФА регламентіне сәйкес, Чемпиондар лигасының ойындары ауа райы жағдайына байланысты, соның ішінде қатты суық себепті, кейінге шегерілуі немесе басқа стадионға ауыстырылуы мүмкін.

Comments