«Захарова Тоқаевтың сөзіне пікір білдірмеді». Ресей мәлімдеме жариялауға мәжбүр болды

2121
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Dm9NQRDPwWuv4KJKlHV3EOlRbiRiACZ5WS8xgZNB.webp

Ресей СІМ ресми өкілі Мария Захарова президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 80-сессиясының жалпы дебатында сөйлеген сөзіне пікір білдірмеді. Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуларынша, желіде тараған видео шындыққа жанаспайды.

«Қазақстандық онлайн-қоғамдастықтарда Ресей СІМ-нің ресми өкілінің сұхбат кадрлары қолданылып жасалған дипфейк таралуда. Нақты видеожазбаға нейрожелі арқылы жасалған жасанды мимика мен Захарованың дауысын имитациялаған аудио қосылған»,—делінген хабарламада.

Министрлік бұл видеоның тектен-тек жасалмағанын атап өтті.

«Бұл — қасақана Қазақстанның цифрлық кеңістігіне тасталған жалған ақпарат. Оның мақсаты — Ресей мен Қазақстанның арасына іріткі салу, халық арасында өткір эмоциялық реакция тудыру. Бұл фейктегі бірде-бір сөз шындыққа жанаспайды», — деп толықтырды Ресей СІМ.

Ресей сыртқы істер министрлігі бұл жағдайдың алғашқы әрі жалғыз арандатушылық емес екенін атап өтті.

«Бұл әрекеттерден украин арнайы қызметтерінің, әсіресе ақпараттық-психологиялық операциялар орталығының қолтаңбасы байқалады. Әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратты, соның ішінде бейнематериалдардың шынайылығын тексеріп отырудың маңыздылығын ескертеміз. Ресми дереккөздерге ғана сену қажет», – деді министрлік өкілдері.

Comments
Other materials