26 жылдан кейін. Қазақстандық палуан грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

2464
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Kgv3PRd5EKQLNSMZGuRGvMEfZsF427n78QC3DpFn.webp

Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстандық грек-рим күресінің палуаны Айдос Сұлтанғали алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 60 кг салмақ дәрежесінде финалда Сұлтанғали өзбекстандық Алишер Ғаниевты жеңген.

Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен XXI ғасырда әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық балуан болды. Осыған дейінгі алтындар тек 2000 жылға дейін болған. Соңғы чемпион 1999 жылы Мхитар Манукян (63 кг дейін) болған еді.

Сол уақыттан бері Алмат Кебіспaев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша және Ержет Жарлықасын сияқты палуандар финалға шықса да, алтын медаль ала алмаған.

 Жалпы, Сұлтанғали тәуелсіздік алғаннан бері грек-рим күресінен әлем чемпионатында финалға шыққан оныншы қазақстандық палуан болды.

Comments