Ақмола облысында қазақша күрестен өткен республикалық жарыста жарақат алған 15 жастағы оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Оқыс оқиға 7 қыркүйекте Ерейментауда болған. Сәтсіз қимыл кезінде жас спортшы кілемге басымен құлап, есінен танып қалған. Залда кезекші дәрігер дереу алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырған. Жасөспірімге клиникалық өлім диагнозы қойылғанымен, дәрігерлердің әрекеті нәтижесінде жүрек соғысы қалпына келтірілген.
Жас спортшы шұғыл түрде санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілген болатын. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бір апта бойы күрескен. Алайда 15 қыркүйекте оқушы қайтыс болды.
Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалды, оқиғаның себептеріне қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Related news