Болгарияның Албена қаласында армрестлингтен өтіп жатқан Әлем чемпионатында «Шардара Армспор»құрамасының спортшылары, бір әулеттің үш ұлы қатарынан Әлем чемпионы атанды. Бұл туралы құраманың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Атап айтсақ, 14 жастағы Бекнұр Ибрагим жас жеткіншектер арасында 45 кг салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанды. Ал 15 жастағы Азамат Ибрагим жас жеткіншектер арасында 50 кг салмақта топ жарса, Әділет Ибрагим жасөспірімдер арасында 65 кг салмақта Әлем чемпионы болды.
Айта кетейік, бұған дейін ағалы-інілі Махмұд пен Төрехан Сабырхан бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында алтын медаль алған еді.
Related news