Екінші алтын. Махмұд Сабырхан екі дүркін Әлем чемпионы атанды

3536
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uaztJDJTPrbCoH3Dzd2SxICJ6NdtfyS7dndoz773.jpg

Фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Отандасымыз Махмұд Сабырхан Ливерпульде бокстан өтіп жатқан Әлем чемпионатының ақтық бәсекесінде испаниялық Рафаэль Лозано Серраноны жеңіп, алтынға ие болды, деп хабарлайды “Адырна”.

Махмұд ақтық сында Рафаэль Лосано Серраномен (Испания) алтын жүлдені сарапқа салды.

Отандасымыз үш раунд бойы басымдық танытты. Нәтижесінде Махмұд Сабырхан еш қиындықсыз жеңіске жетті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, бір күміс медаль бар. Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін) алтын медаль иеленсе, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) күміске қол жеткізген болатын.

Comments