73 жастағы Сушила Карки Непал уақытша үкіметінің басшысы болып тағайындалды

1710
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/hHakz0ZOuCrdqPnQWryXNEvZR7CE5TZUeQ0Ew2sA.jpg

Еуропалық одақ Непалдың Жоғарғы сотының бұрынғы төрайымы Сушила Каркидің елдің уақытша үкіметін басқарушы болып тағайындалуын құптады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Непал уақытша үкіметінің жаңа премьер-министрі болып Сушила Каркидің тағайындалуын құптаймын. Елдің көне серіктесі ретінде біз Непал халқын және демократияны, тұрақтылық пен татуласуды қамтамасыз етуге бағытталған барлық әрекетті қолдаймыз», – деді Каллас.

Айта кетейік, кеше Сушила Карки елдің уақытша үкіметінің басшысы болып тағайындалды. 73 жастағы Карки келесі жылы, 5 наурызда өтетін сайлауға дейін үкіметті басқаратын болады.

Еске салайық, Непалда әлеуметтік желілер бұғатталғаннан кейін халық жаппай көтеріліске шығып, премьер-министрдің резиденциясын өртеп жіберді. Осы жағдайдан кейін Премьер-министр Шарма Оли отставкаға кеткен еді. 

Comments