"13 жыл бойы жиеніне зорлық көрсеткен". Жамбылда ер адам сотталды

733
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/I8XnMLyYhQnd2istVftIyWSeZ3EZJWQOPySRRltP.webp

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық соты жиеніне ұзақ жылдар бойы жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеуде белгілі болғандай, анасының туған ағасы 8 жасынан бастап жиеніне 13 жыл бойы зорлық көрсетіп келген. Бала алғашқыда болған жағдайды ағасының жұбайына айтқан. Алайда ол қызды айыптап, күйеуін қорғаған. Қыздың анасы да қызына сенбей, оны "жала жапты" деп кінәлаған.

ПД ақпаратынша, 12 жасында жәбірленуші психологқа барып, бар шындықты жеткізген. Дегенмен полицияға арыз түскеніне қарамастан, іс қысқартылып кеткен. Кейін қызды анасы күштеп тұрмысқа берген. Бірақ ол қашып шығып, қайтадан туыстары тарапынан зорлық көрген.

Тек бірнеше жылдан соң ол ұлттық комиссия жанындағы "One-Stop-Service – Бір қадам" жобасы арқылы құқық қорғаушыларға жүгінген. Қоғамдық ұйымдар істі қайта қозғауға күш салып, ақыры сотқа жеткізгені хабарланды.

Сот отырысы жабық түрде өтті. 

Сот шешімімен айыпталушы ҚР ҚК-нің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылды. Ол 22 жылға бас бостандығынан айырылып, жәбірленушіге 10 миллион теңге көлемінде моральдық және материалдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Comments