Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен кетті

1330
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/Xx1gQCiwuEjQ32yNtfoRo06HzpRklUgbQg1yMsWX.jpg

Бағлан Бекбауов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін, 11 қыркүйекте Үкіметтің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бағлан Әбдәшімұлы Бекбауов Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды»,—деген хабарламада.

Ол бұл орынға 2021 жылы тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Бағлан Бекбауов 1983 жылы Түркістан қаласында туған. Қ.А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-ды бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі  - есептеуіш техника мен желілерді бағдарламалық және аппараттық қамтамасыз ету, құқықтану.

Comments
Other materials