Apple жаңа смартфондарды сатылымға шығарды

612
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/n8OgYajSyGUfbNuCBiHU5uXeq7LR30st34c4BVRn.webp

Apple компаниясы жаңа смартфондарын ресми түрде тұсаукесерін жасады. Таныстырылымда iPhone 17, iPhone 17 Pro және Pro Max халық назарына ілінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компанияның ең басты өнімі ретінде өте жіңішке iPhone Air көрсетілді. 

Apple-дің айтуынша, iPhone Air қалыңдығы небәрі 5,6 мм, бұл Samsung Galaxy S25 Edge-тен де жұқа. Смартфон 6,6 дюймдік дисплеймен, 120 Гц жаңарту жиілігімен және жаңа A19 Pro чипімен жабдықталған. Артқы панельде көлденең орналасқан камера модулі бар. Негізгі Fusion камерасы – 48 Мп, ал бір мезетте алдыңғы және негізгі камералардан жазу мүмкіндігі қолжетімді.

Apple сонымен бірге арнайы MagSafe-аккумуляторын көрсетті, ол құрылғының бейне көру уақытын 40 сағатқа дейін ұзартуға көмектеседі.

Жаңа iPhone 17 моделі 6,3 дюймдік дисплейге ие болды. Смартфон екі 48 Мп камерамен, A19 процессорымен және 256 Гб-тан басталатын жады көлемімен шықты. Құрылғы ашық күлгін, көгілдір, қара, ақ түстерінде ұсынылды.

Comments