Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ресми ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай бүгін таңертең тіркелген.
"6 қыркүйек күні сағат 08:05-те Caspi Bitum ЖШС-де атмосфералық колоннаға жеткізуші құбырдан өрт шықты. Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Сондай-ақ «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС қызметкерлері мен қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Компания өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ.
Related news