Ақтаудағы мұнай өңдеу зауытында өрт болды

937
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F2Em2A9dRwgNDUNhfqWitbOXHFLbaImd6yVtwdwc.webp

Ақтаудағы Caspi Bitum ЖШС мұнай өңдеу зауытында өрт болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ресми ақпаратқа сәйкес, төтенше жағдай бүгін таңертең тіркелген.

"6 қыркүйек күні сағат 08:05-те Caspi Bitum ЖШС-де атмосфералық колоннаға жеткізуші құбырдан өрт шықты. Өрт ошағы сағат 08:32-де зауыттың стационарлық өрт сөндіру жүйесінің көмегімен сөндірілді. Сондай-ақ «Семсер-Өрт Сөндіруші» ЖШС қызметкерлері мен қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметі жұмылдырылды", – делінген хабарламада.

Компания өкілдерінің айтуынша, зардап шеккендер мен материалдық шығын жоқ.

Yorumlar
Diğer Haberler