Қазақстан шетелдік студенттерге виза беру тәртібін қатаңдатпақ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды “Адырна”.
Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан осы арқылы студентпін деп елге кіріп, жұмыс істейтін мигранттарды алдын алуды көздейді.
"Біраз елде виза алу жеңіл болғандықтан келеңсіз жағдайлар болған. Бангладештен көп адам оқу үшін емес жұмыс істеуге келген. Немесе Ауғанстаннан келгендер Еуропаға транзитпен кетуді ойластырған. Қазір біз виза жасау ыңғайлы әрі қауіпсіз болу үшін сыртқы істер министрлігімен, ішкі істер министрлігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірге жұмыс істеп жатырмыз" дейді Саясат Нұрбек.
Қазақстанда оқығысы келетін шетелдіктерді толық тексерістен өткізбек.
Related news
He supported the war. The sale of tickets for the concert of the "Kamyzyaki" band in Almaty has been temporarily suspended
