Қазақстан мен Ресейдің "Газпром" ашық акционерлік қоғамы 2025 және 2026 жылдары Ресей газын Қазақстанға жеткізуді ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы ресейлік компанияның мәліметіне сілтеме жасап Report жазды, деп хабарлайды “Адырна”.
Құжатқа Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен "Газпром" басшысы Алексей Миллер қол қойды.
"Кездесу барысында тараптар газ жеткізу, тасымалдау және өңдеу салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады", – делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында "Газпром" мен Қазақстан үкіметі стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған болатын.
Related news
Attack in Lebanon. The Ministry of Defense provided an update on the condition of Kazakh peacekeepers
“Marks of a rope were found on his body.” The brother of the officer who passed away in Zharkent shared his thoughts
The construction of the National Sports University will be entrusted to a company from Switzerland for 127 billions tenge