Қазақстан құрамасы футболдан “Уэльске” есе жіберді

935
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/yNkxIDJH6bsWktEvsC5zRdpufunMZ0svDt5xCcIP.webp

Футболдан Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі төртінші ойынын Уэльске қарсы өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қазақстан сапынан алғашқы минуттан Темірлан Анарбеков, Ян Вороговский, Сергей Малый, Әлібек Касым, Нұралы Әліп, Бағдат Қайыров, Рамазан Оразов, Дамир Қасаболат, Ғалымжан Кенжебек, Максим Самородов және Дастан Сәтпаев шықты.

Ойын барысында қазақстандықтар қарсылас шабуылдарына төтеп беріп, өз мүмкіндіктерін де іздеді. Бір сәтте Ғалымжан Кенжебек есеп ашуға жақын болғанымен, добы қақпа бағанасын қиып өтті. 

Ал 25-минутта уэльстік Киффер Мур мүмкіндігін тиімді пайдаланып, жеңіс голын соқты.

Осылайша Қазақстан құрамасы төртінші ойында екінші рет жеңіліске ұшырады.

Comments