Министр мен ҰҚК басшылары ұсталды ма? Сөздің расы қайсы?

6219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/HhGbZfv3VYDuHhQoxiwlnaCFpvIy8hJGkoWkjysY.jpg

Вице-премьер, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, ҰҚК-нің басшылары және кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы айтылғанымен, оны фейк атап, мәлімет жоққа шығарылып отыр. Әуелгі хабарды Orda.kz таратты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Алайда КазТАГ агенттігі өз дереккөзіне сүйеніп, мұны фейк атады. Ақпарат және мәдениет министрі "расталмаған мәлімет" жайында пост жариялады.

Orda,kz сайтының жазуынша, ақпаратты құқық қорғау органдарындағы сенімді дереккөздер растағанға ұқсайды.

«Бүгін Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлері ұсталды. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдарындағы дереккөздер растады» делінген Орданың хабарламасында.

Белгілі болғандай, министр Мұрат Нұртілеу  Қытайда өткен ШЫҰ саммитіне қатысып, кеше ғана елге оралғаны айтылады. Сондай-ақ, министр мен Гаджиевтің үйлерінде тінту жүргізілді делінеді. Ал ұсталды делінген ҰҚК басшыларының аты-жөні әзірге анықталып жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ақпаратты жоққа шығарды.

"Кейбір ресми БАҚ пен анонимді телеграм-арналарда мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет", - деп жазды ол ресми парақшасында.
Comments