Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды

1341
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/oVllnAxmAs0lzojKWdZ5VSsWdH5PlloSNMX05IAC.jpg

Берік Нәжімиденов Жоғарғы соттың судьясы қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін Жоғарғы палатаның пленарлық отырысында Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Берік Төлеутайұлы — бұрынғы заңгер, қаржылық бақылау саласының маманы. Ол Мемлекет басшысының ұсынысымен құқықтың жекелеген салаларындағы мамандар арқылы сот жүйесін күшейту мақсатында Жоғарғы соттың судьясы болып тағайындалған болатын. Ал Президенттің 2025 жылғы 26 маусымдағы жарлығымен Берік Төлеутайұлы Әкімшілік істер жөніндегі Конституциялық соттың төрағасы қызметіне келді. Бұл тұрғыда оның басқа қызметке тағайындалуына байланысты Жоғарғы сот судьясы қызметінен босату жөніндегі ұсынымды қолдауды сұраймыз»,—деп түсіндірді ол.

Сенаторлар Нәжімиденовті қызметінен босатуды қолдап дауыс берді.

Айта кетейік, Берік Төлеутайұлы Жоғарғы сот судьясы қызметіне 2021 жылдың қарашасында тағайындалған болатын. Көпшілік оның заң саласында бұрын-соңды жұмыс істемегенін алға тартып, президент шешіміне наразылық білдірген еді.

 

 

 

 

Comments
Other materials