Кемінде 15 адам мерт болды. Лиссабонда фуникулер рельстен шығып кетті

1852
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/U6lduZmM66YWBtLdgtXxxRl13nLsotHrkNnoZpgo.webp

Лиссабонда туристер арасында танымалдылыққа ие «Глория» фуникулері рельстен шығып кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша, кемінде 15 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алған.

«Бұл – қайғылы жағдай, Лиссабон қара жамылып отыр. Бұндай оқиға біздің қаламызда бұрын-соңды болмаған», – деді Лиссабон мэрі Карлуш Муэдаш.

Португалияның шұғыл медициналық көмек қызметінің мәліметінше, зардап шеккендердің бесеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қалған он үш адам, соның ішінде бір бала жеңіл жарақат алған.

Қаза тапқандардың арасында шетелдіктер де бар, бірақ олардың қай елдің азаматтары екені әзірге нақтыланбады.

Жергілікті SIC Noticias телеарнасының дерегінше, апат 3 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша 18:05-те (Астана уақыты бойынша 23:05 – ред.) болған. Қайғылы сәтте вагонда қанша адам болғаны әлі белгісіз.

 

 

 

Comments