“Трамп қайтыс болды”. Желіде АҚШ президентіне қатысты жалған ақпарат тарады

1896
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/OuaFgS2QGUVN1p44h5lPBxOwJrNSDDGux7mTfOlb.webp

Әлеуметтік желілерде АҚШ Президенті Дональд Трамптың қайтыс болғаны туралы ақпараттар қарқынды тарауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

#TrumpIsDead хэштегі X желісінде мыңдаған жазбалар жинап, трендке шықты. Алайда ресми органдар бұл мәліметті теріске шығарып отыр.

Қауесеттің таралуына АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің USA Today-ге берген сұхбаты себеп болды. 

“Иә, қайғылы жағдайлар болуы мүмкін, мен дайынмын”, – деп мәлімдеген. Бұл сөздер жұрт арасында Президенттің жағдайына алаңдаушылық туғызды.

Сондай-ақ,Трамптың қолындағы көгерген іздер мен аяқтарындағы ісік суреттері де желі жұртын дүр сілкіндірген.

Шілде айында Ақ үй президентте созылмалы веноздық жеткіліксіздік диагнозын растаған еді. Бірақ бұл ауру өміріне қауіп төндірмейтінін және Трамптың белсенді жұмысын жалғастырып жатқанын ресми өкілдер атап өтті.

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде “Симпсондар” мультсериалының болжамы, Comic-Con жиынында айтылған әзіл, “жедел жәрдем көліктері Ақ үйге келді” деген жалған бейнелер және фейк ақпараттар тарап, қауесетті одан сайын өршітті.

Трамптың қайтыс болғаны жөніндегі мәліметтердің ешқайсысы расталмаған. Ақ үй ресми түрде бұл ақпаратты жоққа шығарды. Алдағы уақытта АҚШ Президенті көпшілік алдына шығып, ресми мәлімдеме жасауы күтілуде.

Comments