Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Al Arabiya телеарнасына берген сұхбатында елінің КСРО құрамына «басқыншылық» және «оккупация» арқылы енгенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Мемлекет басшысы бұл пікірін Зәңгезур дәлізін іске асыру жоспарларына қатысты сұраққа жауап беру барысында жеткізді. Ол Әзербайжанның екіге бөлінуі 1920 жылы Ресей әскерінің басып кіруінен басталғанын еске салды.
«1918 жылы құрылған Әзербайжан Демократиялық Республикасы алғашқы мұсылмандық демократиялық мемлекет болды. Алайда 1920 жылы сәуірде Ресей армиясы елге басып кіріп, біздің тәуелсіздігімізді тартып алды. Кейін сол жылдың қарашасында Зәңгезур өңірін Арменияға беріп, Әзербайжанды екіге бөлді», – деді Әлиев.
Оның айтуынша, кеңес дәуірінде шекаралар мен кедергілер болмағандықтан мәселе өзекті емес еді. Бірақ кейін Армения көлік қатынасын жауып тастағаннан бері Нахчыванға жету қиындық туғызып отыр.
Azerbaijan Airlines stated that “physical and technical obstacles” were the cause of the crash near Aktau
The first Inter-Parliamentary Forum of the Central Asian States is taking place in the city of Turkestan
