Ұлыбритания архивіндегі Тоқаев туралы құжаттар жарияланды

1817
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/uZiFGNWW3JKtlJzvEeRqwiETyqIVxnXMpeLio4nv.jpg

Ұлыбританияның Ұлттық архивіндегі Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы мәліметтер бар құжаттар жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әзербайжандық тарихшы Джемиль Гасанлы желіде бұл құжаттардың үзінділерін жариялады.

1994 жылы Тоқаевты сыртқы істер министрі қызметіне тағайындаған кезде, Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігі оның білімі, тілдерді білуі, Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі жұмыс тәжірибесі туралы анықтама дайындаған.

«Ведомство ол туралы өте қызықты мәліметтер әзірлеп, оны жақсы дайындалған маман ретінде сипаттаған. Ағылшындардың болжамдары ақталды. Бүгінде Тоқаев өз халқымен санаспайтын, жемқор және авторитарлық посткеңестік көшбасшылардан айрықша ерекшеленеді», – деп жазған Гасанлы.

Құжаттарда Тоқаевтың АҚШ, Канада, Өзбекстанға жиі барып, әріптестерімен байланыс орнатқаны және Қытай шекарасында еркін экономикалық аймақтар құруды ұсынғаны айтылған.

Comments