Иордания королі Өзбекстандағы дрон өндірісін аралаған

1541
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/wqE7cQ8jiIiz1m9rgS8DwXubcfvXxue1hpguKHn3.webp

Өзбекстанға сапары барысында Иордания королі Абдалла II мен президент Шавкат Мирзиёев Самарқандтағы жергілікті өндіріс өнімдер көрмесін аралаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Spot.uz сайтына сілтеме жасап.

Көрмеде Sahro Drone Industry компаниясы жасаған ұшқышсыз ұшу аппараттары (квадрокоптерлер және ұшақ тәрізді құрылғылар) таныстырылды.

Sahro Drone Industry биыл мамырда құрылған. Оның қоры – 10 млрд сум (шамамен $812 мың).

Компания үлесінің 90%-ы Top-IT компаниясына тиесілі, ал қалған 10%-ы Өзбекстан қорғаныс министрлігіне қарасты қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің толық иелігіндегі MS-Investment-ке тиесілі. 

Өзбекстанда ұшқышсыз аппараттар өндірісін жолға қою жұмыстары жүріп жатыр. «Узбекистон 24» телеарнасы шілде айында жергілікті кәсіпорындардың электронды компоненттер мен бағдарламалық жасақтама дайындауда белсенді екенін хабарлаған. Локализация деңгейі 80%-ға жеткен.

2022 жылдан бері қорғаныс министрлігі бақылауымен Өзбекстан өз брендімен Lochin («Лашын») атты дрондарды шығарады. Бұл құрылғылар әскери де, азаматтық та мақсаттарда қолданылады.

Comments