Тәжікстан үшін тағы бір орден. Тоқаев Эмомалиді "Достықпен" марапаттады

1659
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/rT0ryQYZOeRGXSAMHmdTJqVjDIhcImNCJ100BtMA.webp

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан парламенті жоғары палатасының төрағасы Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна”.

"Мемлекет басшысы екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Тәжікстан парламенті жоғары палатасының төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдаған еді.

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан парламентінің жоғары падатасының төрағасы Рустами Эмомали қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.

Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді. 

Comments