СҚО-да әкімдіктің экс-қызметкерлері 46 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

2226
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/DGuHKYAmNzlS3SDFJ9ZuQkusLAWTZ3MeUztPycCj.jpg

Солтүстік Қазақстан облысында әкімдіктің бұрынғы қызметкерлері мемлекет бюджеттен ақша жымқырған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, оларды 6,6 жылдан 6,8 жылға дейінгі мерзімге нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алды. Үкім заңды күшіне енді»,—делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы тексерген іс барысында мемлекеттік айыптау үш азаматтың мемлекетке 46 млн теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеді. Олар алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүлікті иемденген.

«Сотта бұлтартпас айғақтардың болуына қарамастан, үш айыпталушы жасаған қылмыстары бойынша өз кінәларын мойындамай, жасаған қылмысына өкінген жоқ. Осыған қарамастан, мемлекеттік айыптау тараптар «K», «T», «Д» алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мемлекетке 46 млн теңгеден астам шығын келтіріп, мүлікті ұрлағанын дәлелдеді»,—деп толықтырды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

 

Comments