Ауғанстанның Герат провинциясында ірі жол апаты болып, 79 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Құрбандардың ішінде 19 бала бар екені анықталды.
Оқиға Ислам-Кала шекара бекетінен шыққан жолаушылар автобусы Кабулға қарай бет алған кезде болған. Соңғы айларда дәл осы бекеттен Ираннан депортацияланған ауған азаматтары тасымалданып келген.
Айналма жолда автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, мотоцикл және жанармай тасыған жүк көлігімен соқтығысқан.
Соққыдан кейін көлік өртеніп, автобустың іші түгелдей отқа оранды. Көптеген жолаушы сыртқа шығып үлгермей, іште қалып қойған. Үш жүргізушінің барлығы да оқиға орнында көз жұмды.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, апатқа автобустың жылдамдықты асырғаны мен жүргізушінің салғырттығы себеп болған. Бұған қоса, жолдардың нашарлығы да жағдайды ушықтырған.
Yerlan Karin: 71.7 percent of Kazakhstanis believe that our country is developing in the right direction