«Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрағасы тағайындалды

1258
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/AOQU7piFfbMtNn1NXudDmnvlTa5htsofHpcU1WvB.jpg

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Басқарма төрағасы қызметіне Ернұр Бурахан тағайындалды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ернұр Көшерханұлы 1981 жылы 16 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары «Qazaqstan» телеарнасында тілші, тележүргізуші, «Қазақстан»телерадиокорпорациясының Ақтөбе облыстық филиалының директоры, «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС директоры қызметтерін атқарды. Биыл қаңтар айынан бастап Шығыс Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінде болды. 

Ал Корпорацияны алты жылдан астам уақыт басқарған белгілі медиаменеджер Ләззат Танысбай өз өтінішімен бүгін қызметін аяқтады. Бүгіннен бастап ол отандық «Евразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді.

Comments
Other materials