Палестиналық балалар Өзбекстандағы балабақшаларда тегін оқитын болды

1773
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/qhsvRW4UOTvt3e8zLjLzK9cFM8oUqP8CfrhFm96U.webp

Фото: Шохрух Хайдаров / Gazeta

Палестина азаматтарының Өзбекстанға келген балалары мемлекеттік балабақшаларда тегін тәрбиеленетін болды. Бұл туралы республиканың президенті қол қойған жарлықта айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Құжатта көрсетілгендей, олардың ата-аналары 2028 жылдың 1 қаңтарына дейін мектепке дейінгі білім үшін ақы төлемейді.

Сонымен қатар, палестиналық балалар «Инсон» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік мектептер мен балабақшаларға кезексіз қабылданатын болады.

Бұдан бөлек, палестиналық балалар мемлекеттік мектептерде кәсіптік даярлау, ақпараттық технологиялар және жоғары оқу орындарына түсуге дайындық бағыттары бойынша қосымша білімді де тегін ала алады.

Comments