Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

1045
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/F9bEOm9opclyqTOtyG5LxCH2m195NaQqcYNVtcVU.jpg

13 тамызда Қарағанды облысындағы Белов–Қалқаман автожолында, Сольветка ауылының маңында екі жеңіл көлік соқтығысып, екі жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция мәліметінше, апатқа Toyota Ipsum және Toyota Camry маркалы көліктер қатысқан. Жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен жолаушының 19 жастағы Астана тұрғыны екенін мәлімдеді.

"Оқиға кезінде оның басы, кеуде тұсы және аяқтары жарақаттанып, сүйектері сынған. Жедел жәрдеммен Ақсу қаласындағы ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр, өкпесіне жасанды демалдыру аппараты қосылған", — деп хабарлады басқарма.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жылдамдықты шамадан тыс асырмауға, көлік көп жүретін аймақтарда ерекше абай болуға және көлік құралының техникалық жағдайын үнемі тексеріп отыруға шақырды.

 

Comments